Дмитрий Морозов конькимен жүгіруден масс-старт жарысының финалына өтпеді

©olympic.kz

Бейжіңде Олимпиада ойындары бойынша конькимен жүгіруден ерлер арасында масс-старт жарысы өтті. Аталған бәсекеге Қазақстан сапынан Дмитрий Морозов қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Масс-старт жарысында Қазақстан сапынан қатысқан Дмитрий Морозов жартылай финалда оныншы болды. Бұл нәтиже отандасымызға финалға шығуға мүмкіндік бермеді. 

Айта кетерлігі, ақтық сынға жартылай финалда үздік сегіздіктен көрінген спортшылар жолдама алады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін