Бейжің-2022. Ресей мен Украина спортшылары құшақтасты

©Getty Images

Ресейлік фристайлшы Илья Буров пен украиналық Александр Абраменко шаңғы акробатикасындағы жаттығуын аяқтаған соң бір-бірін құшақтап құттықтады, деп жазады Р-Спорт.

Аталмыш сайыста Абраменко күміспен күптелсе, Буров қола медальды еншіледі.

Қос спортшы осыған дейін де бір-бірін құттықтаған. 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасында Абраменко алтын, Буров қола жүлдеге қол созғанда екеуі Украинаның туымен суретке түскен еді.

Еске салайық, Украинаның шенеуніктері халықаралық жарыстарда өз спортшыларына Ресей командасының өкілдерінен алшақ жүруін сұраған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін