Бейжің-2022 ойындарында таудан құлаған спортшыны ауруханаға алып кетті

©report

Бейжің-2022 Қысқы ойындарында тау-шаңғысының өкілі Камилла Черутти жарыста ауыр жарақат алды, деп жазады "Р-Спорт" басылымы.

23 жастағы француз спортшысы жаттығуын орындау кезінде қателік жіберіп, ауыр жарақат алды. Нәтижесінде дәрігерлер Черуттиге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ал жарыс болса бірнеше минутқа дейін тоқтатылды. Аталмыш дистанцияда төменге құлдилау сәтінде спортшылардың жылдамдығы сағатына 120 шақырымнан асады.

Еске салайық, Камилла Черутти 2021 жылы супергигантта Франция чемпионы атанды. Ал аталмыш жарыста швейцариялық Корин Зуттер алтыннан алқа тағынса, италиялық София Годжа күміспен күптелді. Тағы бір Италиядан келген Надия Делаго қола медальды қанағат тұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін