Бейжің-2022. Бүгін Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанаты өтеді

©РИА Новости

Бүгін Бейжің Олимпиадасының соңғы жарыс күні. Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де қысқы ойындардың жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz

Жабылу салтанаты 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына арнап салынған "Құс ұясы" стадионында өтеді. 

Салтанатты шараның басты кейіпкерлері спортшылар болмақ. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жылдар бойы өз өміріндегі басты додаға дайындалған атлеттер -  жабылу салтанатының бас қаһармандары. 

Сондай-ақ, Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде Бейжің тарихта қысқы және жазғы ойындарды қабылдаған тұңғыш әрі жалғыз қала екеніне басымдық берілмек. 

Айта кетелік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталды. 

Қазақстан командасының спортшылары жүлдеге ілінген жоқ. Команда сапындағы ең жоғары нәтижені Абзал Әжіғалиев тіркеді. Ол шорт-тректен 500 метрге жарысуда төртінші орын алды. 

Бейжің Олимпиадасында жалпы есебі 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін