"Барыс" шабуылшысы Олимпиадада алған медалін көрсетті

©hcbarys

"Барыс" шабуылшысы Томаш Юрчо Бейжіңдегі Олимпиадада алған медалін көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Үшінші орын үшін өткен ойында Словакия құрамасы Швеция хоккейшілерін 4:0 есебімен ұтқан еді. Өз кезегінде Юрчоның отандастары ақ ойындардың тарихында тұңғыш рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Осыған дейін Словакия командасының Қысқы Олимпиадада тіркеген ең жақсы нәтижесі 2010 жылы болды. Канададағы төрт жылдықтың басты бәсекесінде "Татра рыцарлары" төртінші орынды еншілеген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін