Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" қонақта "Химкиден" екінші рет жеңілді

Есеп - 94:64 (21:14, 26:21, 26:15, 21:14).

© pbcastana.kz
ВТБ Бірыңғай лигасының ширек финалындағы екінші матчта "Астана" тағы да Мәскеу облысының "Химки" клубына есе жіберіп алды – 94:64 (21:14, 26:21, 26:15, 21:14).

Бірінші ойында жеңіске жеткен "Химки" жалпы есепте ғана алға шықпай және психологиялық басымдықа ие болып қана қоймай, екінші ойында да өз алаңында, жанашыр жанкүйерлерінің көз алдында өткізді. Сондықтан бұл ойын «Астана» үшін өте қиын болды. Десек те, біздің жігіттер алаңға намысты қолдан бермеуге бекініп шықты.

Джеффри Гроселл ортада лақтырылған допты біздің командаға алып беріп, бірінші шабуылда болмаса да, дәл осы ойыншы екінші матчта есеп ашты. "Астана" алғашқы минуттарда қарсыласына қарағанда ширақ қимылдап, алда тұрды. Есеп 4:9 болғанда-ақ Римас Куртинайтис бірінші болып, тайм-аут алуға мәжбүр болды. Әрі дәл осы бір минуттық үзіліс химкиліктердің жолын ашты. Есеп бірінші кезең ортасына жетпей-ақ теңесті. Қалған 5 минутта алаң иелері осы ойынның басындағыдай емес, нәтижелі ойын үлгісін көрсетті. Әсіресе ойынға сәтімен қосылған Джордан Мики ерекше көзге түсіп, 7 ұпай еншіледі. Бірінші кезеңде аяқталғанда, алаң иелерің тура осынша ұпай айырмасымен алда тұрды – 21:14. Екінші кезеңде Қазақ елі командасы қарсыласына тойтарыс беруге тырысты. Себебі олар бірінші 10-минуттықтың соңында екпін алып, көсіле шапты. Алайда екі минуттан кейін есеп айырмасы 10 ұпайға дейін жетті. «Астананың» алыстан лақтырған үш ұпайлық доптары шығыршыққа түспей қойды, тіпті мүлдем түспеді. Ал «Химки» болса, айылын жимай, есеп айырмасын 16 ұпайға жеткізді. Тек осыдан кейін Кеннет Хортон команданың үш ұпайлық статистикасына оң өзгеріс енгізіп, алыстан екі рет дөп түсірді. Әрі ұпай айырмасын да сәл қысқарта түсті. Дегенмен, олйынның бірінші жартысында «Астана» 12 ұпай айырмасымен ұтылды – 47:35.

Үлкен үзілістен кейін ойын мейілінше қыза түсті. «Астана» баскетболшылары есепті қысқарта алмағандарымен, алаң иелерін одан әрі ұзатпай, тайталасып бақты. Үшінші кезеңнің бастапқы 5 минутында есеп айырмасы 10-15 ұпай аралығында тербеліп тұрды. Ал қалған уақытында алаң иелері өз мақсаттарына жетіп, үстемдік танытты. Химкиліктер ұпай айырмасын ұлғайта түсіп, ол үшінші кезеңнің аяқталуына бір минут қалғанда, 20 ұпайдан да асып кетті. Онымен шектелмей, соңғы секундтарда допты тартып алып, үзіліске айқын басымдықпен шықты – 73:50. Біздің команда, сонда да еңселері түспей, соңғы кезеңде де алаң иелерінің одан әрі ұзап кетулеріне жол бермеуге тырысты. Бірақ үш кезең бойы көп күш жұмсаған «Астананың» үздік ойыншылары көзден таса бола бастады. Серпіліс жасап, есепті қысқарта түсуге күш-жігерлері жетпеді. Матчтың соңына қарай Эмиль Райкович алаңға қосалық құрам орындығындағы ойыншыларын жиі шығарып, көшбасшыларын тынықтырып алуға тырысты. Айла-амал қалмай, тек тайталасу мәнерінде өткен матчтың соңында химкиліктер көсіле сілтеп, трибунадағы көрермендерінің қызу қолдауларының арқасында бұл ойынды айқын басымдықпен аяқтады – 94:64.

«Астана» бұл ойынды тәп-тәуір бастаған. Тіпті «Химки» клубының бас бапкері Қазақ елі клубының қарқынын басу үшін тайм-аут алуға да мәжбүр болған. Тек содан кейін ғана олар өздеріне сенімді болды. Алаң иелері «Астананың» алыстан лақтырған доптарына тосқауыл болу үшін барлық күш-жігерлерін салды. Әрі оған қол женткізді де, содан кейін біздің жігіттердің үш ұпайлық соққылары діттеген жерлеріне дөп түспей қойды, мүлдем. Осы ойында тек Кеннет Хортон ғана допты доға сыртынан екі рет дәл түсірді, ал Энтони Клеммонс бір-ақ рет мергендік тантытты. Доға сыртынан лақтарған доптарының 15% ғана шығыршыққа дәл түсіп, бұл жалпы ойын нәтижесіне оразан зор ықпал етті. Бұған бірнеше рет қажет емес сәттерде доптан айырылып қалғандарын қосыңыз. Мұның бәрі химкиліктердің жылдам шабуыл ұйымдастырып, ұпай айырмасын ұлғайта түсулеріне ұласып отырды. Сондықтан –30 мұпай айырмасымен ұтылуымыз, таң қаларлық нәтиже емес. Бірақ бұл ойыншылар намысты қолдан беруге тырыспады дегенді білдірмейді. Олар аянған жоқ, барлық  күш-жігерлерін салды. Қорғаныста қарсыласының позициялық шабуылдарына қарсы сауатты ойын өрнегін көрсетті. Өздері де шабуыл ұйымдастырып отырды. Бірақ бүгін «баскетбол тәңірлері» мүлде басқаша шешімде болды.



Ең көп ұпай еншілегендер:
«Химки»:  Алексей Швед (19 + 7 пас), Джордан Мики (18 + 5 рет доп қағып алды), Малкольм Томас (12 + 8 рет доп қағып алды).
«Астана»:  Стефен Холт (15), Кеннет Хортон (14 + 8 рет доп қағып алды), Джеффри Гросселл (13 + 5 рет доп қағып алды).

«Химкидің» бас бапкері – Римас Куртинайтис:
— Жеңіске жеткенімізге, әсіресе бүгінгідей стилде басым түскенімізге қуаныштымын. Ойыншыларым үшін қуаныштымын. Өйткені, бапкерге шәкірттері қырық минут бойы, матч нәтижесіне қарамай жандарын салып ойнағаны ұнайды ғой. Жақсы ойнаған кездеріміз де, көңілден шықпайтын сәттеріміз де болды, әсірісе матч басында. Бірақ біз аянған жоқпыз. Әсіресе қосалқы құрам орындығынан қосылғандар бар күш-жігерлерін салды. Мен қазір командамыздың ойын өрнегіне ризамын. Сонымен қатар, көрермендерге де алғыс жолдағым келеді. Олар да аянған жоқ. Біз оларды үнемі естіп отырамыз, бүгінгі қолдаулары ерекше болды.

«Астананың» бас бапкері – Эмиль Райкович:
— «Химкиді» құттықтаймын, олар бүгін бізден асып түсті. Олардың қосалқы құрамдағы ойыншылары өте көп және деңгейлері де – жоғары. Сондықтан үстемдік танытты. Біз бүгін бірінші матчпен салыстарғанда, ойынға көп жігіттерімізді тарттық. Негізгі құрамдағы ойыншыларымызды тынықтырып алуға тырыстық. Бірақ бізде «Химкидікіндей» құрам жоқ. Олар қазір өз мүмкіндіктерінің 80-90 пайызын ғана жүзеге асырып жүр, егер осы қарқындарынан таймаса, ВТБ лигасында жеңіске жете алатын фавориттердің бірі болады деп ойлаймын. Ал біздің ойындарымыз Нұр-Сұлтанға ойысады, Біз үйдегі бірінші ойында жеңіске жетуге тырысамыз. 

Келесі 3-ші матч жұма күні, 10 мамырда, астана командасының өз алаңында, яғни «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Матчтың басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де.



Әлеуметтік желілерде бөлісу