Волейбол
18 қараша 2020 10:03

"Қазақстанда бәрі сатылады": Илья Ильин волейболшыға қолдау білдірді

Сурет: instagram.com/ilyailyinforever

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спортшы Алеся Сафронованың жағдайына байланысты волейбол федерациясының басшылығына жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл жазбада мен әйелдер волейболында болып жатқан жағдай туралы айтқым келеді. Спортшы камераға ойындар әділ өтпейтінін және төрешілер қарсылас команданың жеңуіне көмектесті деп айтты. Ол кешірім сұрады. Ол ешкімді кінәлағысы келмейтінін және эмоциямен болғанын айтты.

Мен өзімнің атымнан айтқым келетіні. Айтты. Кешірім сұрады. Ескерту жасап, бір ойынға уақытша шеттетіңіздер, болды, ұмытылсын! Спортшыға қысым жасаудың не керегі бар? Спорт дегеніміз - эмоция. Федерация өкілдері, осындай жағдайларда адамның ішінде не болатынын түсінуіңіз керек қой? Сіздерден бұл мәселені қалыпты түрде шешуді сұраймын. Бір ойынға, екі ойынға шеттетіңіздер. Барлық спортшыға камераға сөйлеу кезінде мұқият болу керегі түсінікті болады!", - деп жазды Ильин. 

Волейболшы Алеся Сафронова "Қазақстанда бәрі сатылады" деген сөзі үшін Қазақстан чемпионатының туры аяқталғанға дейін шеттетілген еді. Бұл сөзді әйелдер арасындағы "Жетісу" волейбол клубының спортшысы 12 қарашада "Алтайға" қарсы ойынның үзілісінде айтқан.