auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ресейлік БАҚ Универсиада финалында әдепсіз қылық көрсеткен ресейліктің ісін сөкті

Ресейлік БАҚ Универсиада финалында әдепсіз қылық көрсеткен ресейліктің ісін сөкті
© almaty2017.com
Дмитрий Пономаренко "Советский спорт" басылымындағы материалында Ресей құрамасының хоккей бойынша делегациясы өкілінің әрекетін сөкті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, ресейлік хоккейшілер 1:0 есебімен жеңіске жеткеннен кейін Ресей құрамасының өкілі әдепсіз қылық көрсеткен еді.

Матчтың аяқталғанын білдіретін ысқырықтан кейін камера ресейліктердің қуанышын көрсеткен, осы кезде ресейлік штабтың өкілдерінің бірі әдепсіз қылық көрсеткен. Мұның кімге арналғаны белгісіз.

"Ысқырықтан кейін ойыншылар да, бапкерлер де, ресейлік делеагацияның өкілдері де тойлай бастады. Мұз айдынында соққы көріп, әділетсіз алаңнан шығарылса да хоккейшілеріміз артық кеткен жоқ. Бірақ олардың эмоциясы қандай болғанын елестетіп отырмыз. Ал делегацияның ересектеу біреуі кенеттен бұрылып, көргенсіз әрекет жасады. Кімге көрсетілгені белгісіз. Қарсыластарға ма, төрешілерге ме, Универсиада ұйымдастырушыларына ма... Ешкімге бағытталмаған да шығар. Бұл адам жеңісті осылай қолын айқастырып тойлауға әдеттеніп қалған шығар. Фрейдше. Екіжүзді болмай-ақ қояйын. Бірақ түсіну керек қой. Мұндай сәттерде сен тек жауапты адам емессің, сен еліңнің атынан шығып отырсың, бүкіл әлем алдына. Өте абыройлы және маңызды турнирде. Түріңе, сыртқы келбетіңе және әрекетіңе қарай елің жайлы түсінік қалыптасады", - деп жазды журналист.

Сонымен қатар, ол спортшыларды сабырға шақырды. "Айтқым келетіні, жігіттер, сабырлы болыңдар! Нақтырақ айтсақ, қолдарыңды шошайта бермеңдер. Кейін осы істерің үшін қызарақтап, ұялып жүрмейтіндей. Ең жаманы - жеңістен кейін ұятқа қалу", - делінген мақалада.



Айта кетейік, матч 1:0 есебмен аяқталған еді. Ойынның шешуші сәті 42-ші минутта болды. Қазақстан құрамасының қақпасынан ресейлік Даниил Ильин саңылау тапқан еді. Осылайша Ресей құрамасы алтыншы рет және екінші рет қатарынан Универсиаданың алтын медалін алып отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
30 наурыз 2017, 18:28
Универсиада
Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

Жарнама

Жарнама