auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алматы Универсиада алауын Красноярға берді

Алматы Универсиада алауын Красноярға берді
© Владимир Дмитриев
Алматыда Универсиада-2017 ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоу "Алматы Аренада" өтті.

Өткен жарыстардың қорытындысын Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жариялады. Ол бюджет қаражатын үнемделсе де, 28-ші Қысқы Универсиаданың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Сондай-ақ үкімет басшысы ойындарды миллиардтан аса телекөрермен мен жанкүйердің қарағаны жайлы мәлімет келтірді. "Қазақстан командасының жетістігін ерекше атап өткім келеді. (...) Сіздердің жеңістеріңізбен мақтанамыз, барлығыңызды құттықтаймыз", - деді Сағынтаев.



Ал өз кезегінде Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олен Матыцин Алматының ойындарды өткізуге жоғары деңгейдегі жағдай жасағанын атап өтті. "Ерекше көңіл-күй Алматыдағы Универсиаданы ерекше етті. Универсиада тарихында мұндай қонақжай әрі ынталы аудитория кездеспеді", - деді ол.



Шара барысында Оңтүстік астана Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) алауын ойындарды 2019 жылы өткізетін Красноярға өткізді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Красноярға Универсиаданы 2019 жылы лайықты деңгейде өткізуді тілеп, тәжірибе бөлісуге уәде берді.



Еске салайық, Универсиаланың медальдар есебінде Қазақстан 36 медальмен екінші орын алды - 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальдар. Бірінші орынды 29 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы алды.

Мемлекет басшысы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада жоғары көрсеткішке жеткен ұлттық құрама мүшелерін құттықтады.

"Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында Қазақстанның жалпы командалық екінші орынға қол жеткізуі - елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың дамығандығының айқын көрсеткіші. Қазақстанның спорт мектебінің даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайындықтарыңызды, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. 2017 жылғы универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз мерекеге айналды. Спортшыларымыздың жеңісі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін беріп, келер ұрпаққа үлгі болуға тиіс. Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамын. Барлық спортшыларға мықты денсаулық және жаңа белестерді бағындыру жолында табыс тілеймін!", - деп келтіреді Назарбаевтың сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 наурыз 2017, 18:28
Универсиада
Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

Жарнама

Жарнама