Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Назарбаев Қазақстан құрамасын Универсиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтады

Президент Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне осы жарыстарды жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс айтты.


Мемлекет басшысы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада жоғары көрсеткішке жеткен ұлттық құрама мүшелерін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орын алды, тартысты күресте жеңіп алған медальдарыңыз - еліміздің абыройы, жалпы спорттың даму көрсеткіші. Сіздер дайындықтың жоғары деңгейін, жеңіске деген ерік-жігерді көрсетіп, қазақстандық спорт мектебінің атағын қорғадыңыздар. Универсиада-2017 барлық қазақстандық үшін нағыз спорт мерекесі болды. Спортшыларымыздың жеңісі қысқы спорт түрлерінің дамуына жол ашып, келесі ұрпаққа үлгі болуы керек. Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне осы жарыстарды жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс айтамын. Барлық спортшыға мықты денсаулық және спорттағы шыңдарды бағындыра беруін тілеймін", - деп келтіреді Назарбаевтың сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.
  Пікір: 0
  0