Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Анна Шевченко Универсиада ойындарында бесінші медалін жеңіп алды

Бұған дейін спортшымыз екі қола, бір күміс және бір алтын жүлде жеңіп алған еді


©almaty2017.com
©almaty2017.com
Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында өзінің бесінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Шевченко 15 шақырымға масс-старт бәсекесінде мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлде еншіледі. Отандасымыз үздік көрсеткішкен ие болған ресейлік Лилия Васильевадан 7.8 қалып қойды. Екінші орынды бұл жарыста екінші бір ресейлік Анна Нечаевская (+2.0) алды. 

Бұл бәсекеге сынға түскен отандастарымыздың арасында Ольга Мадрика (+48.1) бесінші, Ангелика Шурыга (+1:48.2) сегізінші, Марина Матросова (+3:05.4) тоғызыншы болып мәре сызығын кесті. 

Айта кетейік, бұл жүлде Анна Шевченко үшін Универсиада ойындарында жеңіп алған бесінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз екі қола, бір күміс және бір алтын жүлде жеңіп алған еді. 




  Пікір: 0
  0