Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Болжамдар бәйгесі Конкурс "Дрим Тим" Табло ТВ-расписание ЧМ-2018 по футболу
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Көроғлы" арқылы қазақты әлемге танытқым келеді - Айза Иманбек

Айза Иманбек өзі туралы толық айтып берді.

©Өмірбек Сансызбай
3 пікір
233
3 ақпан 2017 18:42
Мәнерлеп сырғанаушы Айза Иманбек кеше айрықша өнерімен қазақ жанкүйерлерін қуантты. "Көроғлы" күйіне дайындаған бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты.

Айза үшін Алматыдағы Универсиада ойындары үлкен тәжірибе болды. Кей спорт сарапшылары "Көроғлы" композициясын таңдауын сынға алғанмен, ол еркін бағдарламадағы жаттығуларын сәтті орындап шықты. Қос бағдарлама бойынша 131.94 ұпайға ие болды. Мұның өзі – білгенге зор жетістік. Олай болса Айзамен болған шағын сұхбатымызды оқи отырыңыздар.

- Айза Универсиада ойындарында сәтті өнер көрсетуіңмен құттықтаймыз. Еркін бағдарламада "Көроғлы" күйіне дайындаған бағдарлама керемет шықты. Қалың жұртшылық бұл кім екен деп таңдай қағысты. Алдымен өзің туралы айта кетсең 

- Мен Алматы өңірінің тумасымын. Мұз айдында коньки теуіп келе жатқаныма 14 жылдай уақыт болды. Яғни, 4 жасымнан бастап мәнерлеп сырғанау спортымен шұғылданып келемін. Қазіргі таңда спорт және туризм академиясының бірінші курс студентімін. Олимпиадалық спорт түрлері факультетінде оқимын.

- "Көроғлы" күйінің негізінде өнер көрсеткенің әр қазақтың кеудесінде қуаныш кернеді. Жалпы бұл бағдарламаны кім дайындады? Әлде жеке өзіңнің талғамыңдағы таңдау ма?

- Бұл бағдарламаны дайындауға жалғыз адам ғана күш салған жоқ. Әкем музыканы таңдады. Жаттықтырушыларым мен хореографтар менің мұз айдындағы жаттығуларым мен киіміме көңіл бөлді. Сондықтан бұл бағдарлама ұжымдық еңбектің жемісі.

- Мәнерлеп сырғанау – ең қауіпті спорт түрлерінің қатарына жатады. Бұл спорт түрін таңдауыңа не түрткі болды?

- Бұл спорт түріне баруыма бірден-бір себепкер жан – әкем. Кішкентайымда күшті болдым. Энергиям тасып тұратын. Балабақшадан келсем де, үйде байыз тауып отырмайды екенмін. Содан әке-шешем мына қыздан спортшы шығар деп, бір шетінен мазаламау үшін осы спорт түріне беріпті.

- Алматыдағы Универсиадаға қанша уақыт дайындалдың? Қайда жаттығулар өткіздің?

- ХХVIII қысқы Универсиада ойындарына қатысатынымды білген күннен бастап дайындалдым. Дайындығым жаман болған жоқ. Кем дегенде бір жылдай осы жарысты күтіп, дайындық үстінде болдым. Елімізде дайындалдым. Шет елдердегі оқу-жаттығуға жылына 2-3 рет шығып тұрамын. Ел чемпионатынан кейін Универсиадаға қатысатынымды естігенде, тіпті қуандым. Өз жанкүйерлеріңнің алдында өнер көрсету – мен үшін зор қуаныш.

- Жарыстың алғашқы күніндегі қысқа бағдарламада қобалжығаның байқалды. Жанкүйерлер қолдауы мен олардың мәдениеті қалай әсер етті?

- Өз жанкүйерлеріңнің алдында мұз айдынға шығу көп жауапкершілікті жүктейді. Мен алғаш рет осыны толық сезіндім. Алғаш рет бүкіл зал маған қолдау білдірді. Сондықтан да аздап жүрексініп, қобалжығаным рас. Өте шулы болды.

- Айза алда келе жатқан Жапониядағы қысқы Азия ойындарына қатысасыз ба?

- Иә, мен қатысатын болдым. Бұйырса, жапон жерінде бақ сынайтын боламын.

- "Көроғлымен" бәрімізді тәнті еттің. Күншығыс елінде қандай бағдарламамен шығасың?

- Бағдарламалар дайын деп ойлаймын. Осы екі бағдарламамды пысықтаймын. Қысқасында – танго музыкасы, ал еркін бағдарламада Дәулеткерейдің "Көроғлы" күйімен шығамын. Осы күй арқылы қазақты әлемге танытқым келеді.

- Айза алдағы уақытта жұптық мәнерлеп сырғанау туралы ұсыныстар түссе келісесіз бе? Мұндай жоспарыңыз бар ма? Әлде...

- Мен жекелей сында жарысқа қатысқанды жақсы көремін. Бірақ егерде менде жұптасып бақ сынауға мүмкіндік болса, мен жұптық сайысты емес, мұздағы жұптық биді таңдар едім. (Жұптық мәнерлеп сырғанауда түрлі жаттығулар орындалады, ал мұздағы биде акробатикалық жаттығулар орындалмайды)

-  Бұқаралық ақпарат құралдарында сіздің тегіңіз әрқилы жазылып жүр. Біреулер сіздің тегіңізді Момбекова дейді, енді бірі Мамбекова дейді. Иманбек пен Имамбек деген де нұсқалары бар. Осының қайсысы дұрыс?

- Құжат бойынша Мамбекова деп жазылып жүр. Кезінде бабам Иманбек болыс болған. Алаш зиялыларымен қызметтер атқарған. Кейіннен "халық жауы" деп қудалаған. Ата-анасын, туған-туыстарын жазалаған. Бір әулеттен менің атам Бағдат қана аман қалыпты. Ұрпағыма салқыны тимесін деп Момбеков емес, Мамбеков деп жаздырған екен. Негізі Иманбек деп жазған дұрыс деп ойлаймын.

- Сұхбатыңызға рақмет! Алдағы жарыстарда тек жеңіс тұғырынан көрінуіңе тілектеспіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
3 комментариев
233
3 ақпан 2017 18:42
Новости