UFC ұйымы Қазақстан тумасының келесі кездесуі қашан өтетінін хабарлады

©UFC

Жеңіл салмақта өнер көрсететін Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев пен америкалық Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жек 10 желтоқсан күні Лас-Вегаста UFC 282 турнирінде өтуі мүмкін, деп жазады Fighttime.ru порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта промоушен мен файтерлердің өзі бұл айқас туралы әлі ресми мәлімдеме жасамады. 

Өткен айда Рафаэль Физиев UFC ұйымында қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ол Рафаэль Дос Аньоспен жолығып, қарсыласын нокаутқа түсірді. Ал Джастин Гэтжи болса мамыр айында жеңіл салмақта UFC чемпионы Чарльз Оливейрамен кездесіп, жеңіліп қалды. 

Қазіргі уақытта Гэтжи жеңіл салмақтың рейтингінде үшінші, ал Физиев жетінші сатыда тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport