UFC чемпионы Роуз Намаюнас тәжірибелі отандасынан жеңілді

©UFC

29 жастағы америкалық файтер Роуз Намаюнас жеңіл салмақта әйелдер арасында UFC ұйымының чемпиондық атағын қорғап қала алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ол чемпиондық атағын 34 жастағы тәжірибелі отандасы Карла Эспарзаға қарсы қорғады. Бұл жекпе-жек Финикс (Аризона штаты, АҚШ) қаласындағы UFC 274  турнирінде өтті. 

Аталған спортшылар бұған дейін де кездескен еді. Тарқатып айтсақ, 2014 жылы The Ultimate Fighter шоуының финалында. Ол кезде де Эспарза жеңіп кеткен болатын. 

Ал бүгін болған кездесуде 47-48, 49-46, 48-47 есебі тіркелді. Осылайша, Эспарза жеңіл салмақта UFC ұйымының жаңа чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: