"Түсінбегендер құрып кетсін". Физиев не үшін Рафаэль Надальді жекпе-жекке шақырғанын түсіндірді

©instagram.com/ufcrussia

UFC ұйымында өнер көрсететін әзірбайжандық файтер Рафаэль Физиев не үшін танымал теннисші Рафаэль Надальды кездесуге шақырғанын түсіндіріп берді, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Рафаэль Надаль, қайдасың? Мен сені өзінің спортыңда жеңе аламын", - деген болатын Физиев UFC Вегас 58 турнирінде бразилиялық Рафаэль Дос Аньосты нокаутпен жеңгеннен кейін. 

"Менде ешқандай файтерлердің тізімі жоқ. Күлкілі болды емес пе? Бұл шоу ғой. Біз бір-бірімізді жәй ғана ұра бермейміз. Біз шоу жасауға тырысамын. Достар, бұл сіздерге қызық қой? Сіздерге қызық болсын деп істейміз. Сіздер күні бойы күліп жүрсін дейміз. Бұл тек ұрда-соқ дейтін содырлар емес. Біз көңіл көтереміз. Мен осындай дүние істеуге тырысамын. Түсінбегендер, құрып кетсін", - деді Физиев UFC Russia YouTube арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Физиев бесінші раунда бразилиялықты жеңді. Осылайша, ол UFC-дегі өзінің жеңіліссіз сериясын алты кездесуге дейін жеткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport