Шавкат Рахмонов UFC ұйымында үшінші кездесуін өткізу үшін АҚШ-қа ұшып кетті

3 қаңтар 2022 12:59
©UFC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов  (14-0) UFC ұйымында үшінші кездесуін өткізу үшін АҚШ еліне ұшып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Құрама штаттарда Рахмонов дайындығының соңғы кезеңін өткізеді. Қазақстандық спортшы алдағы айқасына Sanford MMA спорт залында дайындалады. 

Еске салайық, Рахмонов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін 5 ақпан күні өткізеді. Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек кешінде оның қарсыласы гайаналық Карлстон Харрис (17-4) болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: