Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде оныншы орынға көтерілді

©instagram.com/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC ұйымының жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жартылай орта салмақтың осыған дейінгі тізімінде отандасымыз он бірінші орында еді. Ал жаңа рейтингінде ол бір саты жоғарылап, оныншы орынға көтерілген. 

Айта кетейік, Рахмонов жалпы аралас кездесуде 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның ішінде қазақстандық төрт кездесуді UFC ұйымында өткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport