Сарапшы Жұмағұловтың UFC ұйымындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді

Сурет: UFC

Мma.uno шолуышысы Стив Дункан Vesti.kz тілшісіне Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы бірінші жеңісі туралы ойын бөлісті. 

"Екі спортшы үшін де маңызды жекпе-жек болды. Өйткені, қай жеңгені промоушенде қалатын еді. Осы бір сәтті Жұмағұлов өзін жақсы қырынан көрсетті. Айқас та жақсы бастады. Жалғас дер кезінде қарсыласының мойнын ұстап алды. Сөйтіп ерекше әдіс жасады. Екі минутта мәселені шешіп тастады. 

Жеңіс Жұмағұловқа өз-өзіне деген сенімділік беруі керек. Бұл дивизионда спортшылар аз. Демек қазақстандық спортшы жақсы жетістікке жете алады деген сөз. Оның үстіне Жалғас өткенде көпшіліктің назарын өзіне аударып алды. Жарқын жеңісімен", - деді Дункан. 

Еске салайық, Жұмағұлов кейінгі кездесуін Лас-Вегас қаласында UFC 264 турнирінде өткізіп, америкалық Джером Ривараны жеңді. Бұл отандасымыздың промоушендегі бірінші жеңісі болды.

Метки: