Розенструйк UFC Вегас 28 турнирінде қарсыласын сұлатып салды

6 маусым 2021 13:23
Сурет: UFC

6 маусым күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында аралас жекпе-жектен UFC Вегас 28 турнирі өтті. Бұл кештің басты айқасында ауыр салмақтағы Жаирзиньо Розенструйк (Суринам) пен Аугусто Сакаи (Бразилия) кездесті, деп жазады Vesti.kz порталы.

Аталған кездесу Розенструйктің пайдасына аяқталды. Суринам елінің саңлағы бірінші раундтың аяқталуына бірнеше секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Розенструйк франциялық Сириль Ганадан жеңілгеннен кейін бірінші кездесуін өткізді. Ал Сакай болса соңғы кездесуінде Алистар Оверимнен жеңілген болатын. Содан кейін алғаш рет айқас өткізді. 

Метки:
UFC