Рахмоновпен жекпе-жектен қашқан америкалықтың қарсыласы анықталды

©instagram.com/wonderboymma/

Қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (16-1) жекпе-жек өткізуден бас тартқан Стивен Томпсонның (16-6-1) келесі кездесуі қашан және қарсыласы кім болатыны анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Америкалық файтер өзінің келесі кездесуін отандасы Кевин Холландқа қарсы өткізеді. Холланд соңғы кездесуінде швециялық Хамзат Чимаевтан (12-0) жеңіліп, карьерасын аяқтағанын хабарлаған. Бірақ ол қайта жекпе-жек өткізу туралы шешім қабылдаған екен. 

Томпсон мен Холланд арасындағы кездесу 3 желтоқсан күні Орландо (АҚШ) қаласында UFC Fight Night турнирінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport