Рахмонов өз атын UFC ұйымының тарихына қалдырды

©UFC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) UFC Connected шоуының қонағы болады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Промоушеннің түсірілім тобы Рахмонов жаттығып жатқан Алматыға келіп, екінші күн отандасымыз туралы сюжетті түсіріп жатыр. 

Осылайша, жеңілмеген Рахмонов UFC ұйымының бұл шоуына түскен бірінші қазақстандық файтер болады. Бұл фильм "Номадтың" келесі жекпе-жегі алдында көрсетіледі. 

26 маусым Рахмонов америкалық Нил Мэгниді қылқындыру әдісіне салып,  UFC-де төртінші жеңісіне жетті. Әзірге промоушенде қазақстандық жеңілген емес. Ал жалпы ММА-де ол 16 жекпе-жектің бәрін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. 

Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ рейтінгінде оныншы тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport