Пётр Ян мен Алджэмейн Стерлинг UFC-дағы кездесуі алдында төбелесіп қала жаздады

©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін Петр Ян мен америкалық чемпион Алджамейн Стерлинг кездесу алдындағы баспасөз жиыны кезінде төбелесіп қала жаздады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Баспасөз жиыны кезінде Петр ортаға қарай шығып келе жатыр еді. Осы кезде Стерлинг оған кедергі жасады. Сөйтіп, ол америкалық файтерге бара жатқан. Бірақ оққағарлар бірден келіп, екі спортшыны ажыратып алды. 

Айта кетейік, Ян мен Стерлинг кездесуі 9 сәуірден 10 сәуірге ауысқан түні UFC 273 турнирінде өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport