Петр Янның қазақстандық менеджері ресейліктің келесі қарсыласы кім болатынын айтты

24 маусым 2022 15:00
©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін Петр Янның қазақстандық менеджері Саят Әбдірахманов ресейліктің келесі қарсыласы кім болатынын айтты. 

"Сехудомен кездесу - біздің басты мақсатымыз. Генри де Янмен кездескісі келетін шығар. Бірақ ол әлі жекпе-жек өткізуге дайын емес. Әлі жарты жылдай допинг тексерістен өту керек. Біздің басты мақсатымыз осы. Жалпы біз чемпиондық жекпе-жекке жақындататын кез-келген қарсыласпен кездесуге дайынбыз", - деді Әбірахманов Sport24 порталына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, жуырда Сехудо жекпе-жекке қайта оралатынын мәлімдеген болатын. Сехудо екі салмақта - жеңіл және жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы болған. 

Ал Петр Ян болса Алджамейн Стерлингпен екі мәрте чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасып, екеуінде де жеңіліп қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport