"Ол бір раундқа ғана шыдайды". Жұмағұловтың UFC-дегі қарсыласы алдағы кездесу жайлы

2 маусым 2022 15:11
©

Америкалық Джефф Молина (10-2)  алдағы жекпе-жекте қазақстандық Жалғас Жұмағұловты (14-6) жеңуге ниетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4 маусымнан 5 маусымға ауысқан таңда болады. 

"Жұмағұлов мені таңғалдырмады. Ол хук және оверхенд соққыларын көп жасайды. Оның тәжірибесі көп. Партерде де жаман емес. Бірақ мен оның бәрін бұған дейінгі кездесулерін көргенмін. Contender Series-те кездескен қарсыласым Жалғасқа ұқсайды. Мен оны жеңдім. Енді Жұмағұловты да жеңе аламын. Алдағы айқаста қандай деңгейде екенімді көрсетемін. 

Жұмағұловты жеңетініме сенімдімін. Ол тек бір раундқа ғана шыдайды. Қарсыласым мәселені бірінші раундта шешкісі келеді. Мен соның алдын алып, кейін айқасты өз пайдама шешемін", - деп келтіреді Молинаның сөзін bjpenn.com порталы. 

Айта кетейік, 33 жастағы Жұмағұлов UFC ұйымында төрт кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткен. 24 жастағы Молина екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport