"Міндетті түрде көру керексіз!". Маман Рахмоновтың UFC-дегі келесі кездесу туралы

©UFC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (16-0) америкалық Джефф Нилмен (15-4) келесі кездесуін міндетті түрде көру керек. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында allaccessmma.com порталының шолушысы Роб Бартл айтты. 

Аталған кездесу 15 қаңтар күні Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) "Арех-Аренада" өтеді. 

"32 жастағы Нил соңғы екі кездесуде қатарынан жеңіске жетті. Ол осыған дейін Висенте Лука, Белал Мухаммед, Сантьяго Понзиниббио, Ник Прайс, Майк Перри секілді қарсыластарын жеңген. Бұл өте мықты файтер. Соққысы жақсы. Көп айқастарын мерзімінен бұрын жеңген. Оның тәжірибесі мен шеберлігі Рахмоновқа қиындық туғызу мүмкін. 

Қазақстандық туралы айтатын болсақ, 27 жасында ол ұйымда жартылай орта салмақтағы танылып келе жатқан жұлдыздың бірі саналады. Шавкаттың әлі өсуіне уақыт бар. Ол жеңіс алдағы кезедсуде жеңіс сериясын бесеуге дейін жеткізуі ықтимал. Бізді тамаша жекпе-жек күтіп тұр. Міндетті түрде көруіміз керек", - деді Бартл.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport