Маман бес кездесуде жеңіске жеткен Исмағұловтың басты кемшілігін айтты

22 маусым 2022 17:31
©instagram.com/ismagulov_damir/

Ұлыбританиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында UFC ұйымында Швеция намысын қорғайтын грузиялық Гурам Кутателадзені жеңген Дамир Исмағұловтың жеңісі туралы пікір білдірді. Әңгіме барысында ол Ресей намысын қорғайтын қазақ спортшысының басты кемшілігін айтты. 

Бұл екі файтер Остин (Техас штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC on ESPN 37 турнирде кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Исмағұлов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 

"Исмағұлов - мықты спортшы. Ол үздік 15 файтердің қатарына қосыла алады. Бірақ оның осы салмақта ең үздік болуына потенциалы жетпейді. Жеңіл салмақ - UFC-дегі ең мықты дивизион. Мықты қарсыластар көп. Бұл жерде әлсіздік танытуға болмайды. 

Оның үстіне Дамир өзін жарқын көрсете алмай жүр. Жанкүйерлердің назарын өзіне аудара алмады. Ол орташа деңгейдегі файтер. Исмағұлов мықтылардың қатарына қосыла алады. Бірақ ең мықты атана алмайды. Өйткені бұл ең мықты дивиззион", - деді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport