Қазақстандық файтерлердің жылдық табысы белгілі болды

15 желтоқсан 2021 19:22
© Josh Hedges/Zuffa LLC

UFC ұйымында өнер көрсететін файтерлердің 2021 жыл қорытындысы бойынша жалпы қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

UFC-де төрт қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Олар: Жалғас Жұмағұлов (14-6), Сергей Морозов (17-5), Шавкат Рахмонов (14-0) және Мария Агапова (10-2).

2021 жылы Жұмағұлов үш кездесу өткізді. Екі рет жеңіліп, бір рет қарсыласынан басым түскен ол 62 000 доллар табыс тапты. Морозов октагонға екі рет шықты. Бір жеңісі мен бір жеңілісі оған 37 500 доллар әкелді. Рахмонов пен Агапова бір реттен алаңға шығып - екеуі де жеңіске жетті. Шавкат 28 000 доллар, ал Агапова 94 000 долларды қанжығасына байлаған. Бұл Марияның мансабындағы рекорд сомма. 

Осылайша, UFC ұйымындағы қазақстандық файтерлердің жалпы табысы 221 500 долларды құрады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport