Қазақ файтер UFC рейтингінде МакГрегорге таяды

13 қыркүйек 2022 18:13
©instagram.com/ismagulov_damir/

Ресейлік қазақ Дамир Исмагулов UFC рейтингісінде жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ол жеңіл салмақтағы рейтингте бірден үш саты көтеріліп, 12-орынға жайғасты.

Ал UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Дамирден бір саты ғана жоғары, 11-орында тұр.

Айта кетейік, "Qazaq" деген лақап атымен танымал Исмакулов америкалық ұйымда бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Дамир кейінгі жекпе-жегінде Гурам Кутателадзені жеңіп, жеңіл салмақтағы рейтингте топ-15 қатарына енген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport