"Жуырда кездесеміз". UFC-дегі қазақ Махачевтің жеңісі жайлы

©instagram.com/ismagulov_damir/

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақ файтер Дамир Исмағұлов  UFC 280 турнирінде жекпе-жек өткізген Ислам Махачев пен Петр Янның кездесулері туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, Махачев UFC 280 турнирінің басты айқасында Чарльз Оливейраны (33-9-0-1) екінші раундта сабмишн әдісімен жеңіп, жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді иеленген еді. 

"Ислам Махачевті жеңісімен құттықтаймын. Жуырда кездесеміз", - деп жазды Исмағұлов Instagram парақшасында. 

Ал ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Ян болса америкалық Шон О'Мэллимен (16-1-0-1) кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілді. 

"Екі мәрте төрешілер жеңісін ұрлады. Петр Ян бауырым, барлығы сенің жеңгеніңді біледі", - деді Дамир. 

Айта кетейік, Исмағұловтың өзі келесі кездесуін 18 желтоқсан күні Арман Царукянмен өткізеді. Бұл жекпе-жек Лас-Вегас (АҚШ) қаласында болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport