"Жұмағұловқа шегінетін жол жоқ". Маман Жалғастың жеңісі туралы

Сурет: UFC

Танымал ресейлік тілші Игорь Лазорин қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы бірінші кездесуі туралы ой бөлісті. Vesti.kz порталына берген сұқбатында ол 32 жастағы отандасымыз бұл жеңістен кейін өзіне сенімді болатынын айтты. 

"Жалғастың әдемі әрі жарқын жеңісін көрдік. Бұл жеңіс оған өте маңызды еді. Енді ол аздап демалып алса болады. Оның UFC ұйымындағы жолы қайта басталды. Бірақ келісімшарт бойынша тағы бір кездесу бар екенін ұмытпау керек. Сол кездесуде де Жалғас жақсы өткізуге міндетті. Америкалықпен өткен кездесуде Жұмағұловтың деңгейі өскені байқалды. Себебі ол American Top Team командасына келіп, жаттығу жасаған еді. Шегінетін жол жоқ", - деді маман. 

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов Лас-Вегаста өткен кездесуде америкалық Джером Риверамен кездесіп, қарсыласын қылқындырып тастады. Бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі бірінші жеңісі. 

 

 

 

 

Метки: