"Жеңсе белбеуге үміткер болады". Америкалық маман Рахмоновтың алдағы кездесуі туралы

©UFC

Мmadna.nl порталының тілшісі Марсел Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Шавкат Рахмонов (16-0) пен америкалық Джефф Нил (15-4) арасындағы кездесу туралы пікірін білдірді. Әңгіме барысында ол алдағы айқастың ең маңызды тұсын атап өтті. 

Аталған айқас 15 қаңтар күні Лас-Вегас қаласындағы "Арех-Аренада" болады. 

"Рахмоновтың сериясы мықты. Ол тіпті жеңілмейтін секілді. Дегенмен Нил оның басқа қарсыластарына қарағанда деңгейі жоғары. Бұл чемпиондық белбеуге жақын, топ файтер. Алдағы кездесуде Шавкат үшін бәрі басқаша болады. Менің ойымша, ол UFC-дің болашақ жұлдызы сияқты. Ал Нилге қарсы кездесуде біз оның қаншалықты мықты екенін көреміз. Егер жеңіске жетсе, жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуге үміткер болады", - деді Дорф. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport