"Жеңіл жүрісті сұм". UFC "Құрмет залына" кірген Хабиб сынға қалды

©Reuters

UFC ұйымында өнер көрсететін америкалық файтер Нейт Диаз жеңіл салмақта ұйымның бұрынғы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің "Құрмет залына" кіргенімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды MMA Fighting порталы. 

"Хабиб - жеңіл жүрісті сұм. Ол чемпиондық белбеуді алу үшін кімдерді жеңді? Дастин Порье және Джастин Гейджиді ме? Бұл екеуін де Хабиб секілді жеңген жігіттер бар. Нурмагомедов мықты емес. 

Осыған дейін жекпе-жек өткізуден қорқып, енді "Құрмет залына" кіргенің қалай? Мен ол жерде "Құрмет залы" болмай тұрып болған едім. Сондықтан да ол жерде болғым да келмейді. Бұл тек мазақ қой", - деді Диаз. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport