Исраэль Адесанья Марвин Ветториді жеңіп UFC чемпиондық атағын сақтап қалды

13 маусым 2021 12:17
Исраэль Адесанья. Сурет: foxsports.com.au

Шыққан тегі нигериялық, бірақ, Жаңа Зеландия елінің атынан шығатын 31 жастағы Исраэль Адесанья UFC ұйымында жеңіл салмақта чемпиондық атағын қорғап қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Аризона штаты Глендейл қаласында өткен UFC 263 турнирінде Исраэль Адесанья 27 жастағы италиялық Марвин Ветторимен жекпе-жек өткізді. Бұл спортшылар екінші рет кездесіп отыр. 2018 жылы өткен бірінші кездесуде Адесанья төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. 

Екінші кездесуде де Адесанья үстем түсті. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 50-45 есебін тіркеді. 

Метки: