Исмағұлов па? Серроненің UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

24 маусым 2022 16:51
©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін 39 жастағы америкалық Дональд Серроненің келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы ESPN басылымы хабарлайды. 

Серроне келесі кездесуін UFC 276 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы Джим Миллер болады. Негізі Миллер Бобби Гринмен кездесуі керек еді. Бірақ жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Ал Серроне оның орнын басуға келісім берді. 

Еске салайық, осы Дональд Серронені Ресей намысын қорғайтын қазақ файтері Дамир Исмағұлов жекпе-жекке шақырған болатын. Бірақ америкалық келіспеген секілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport