Хамзат Чимаев қарсыласын "өлтіремін" деп уәде берді

©Reuters

Шыққан тегі шешен бірақ Швеция елінің намысын қорғайтын Хамзат Чимаев (11-0)  өзінің келесі қарсыласы америкалық Нейт Диас (23-13) туралы пікірімен бөлісті, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Нейттің менімен кездесу өткізуге келісім бергеніне таңғалып отырмын. Диастың өзі менімен кездесу өткізу дұрыс еместігін айтқан болатын. Бірақ, мен оны оңай жеңетініме еш күмәнданбаймын. Ол қартайып қалған. Конор МакГрегорды жеңген деңгей жоқ. Бұл оның UFC ұйымындағы соңғы жекпе-жегі болады. Диас жеңіліп, өзінің шаруасымен шұғылдануға кетеді. Мен оны "өлтіріп", промоушеннен қуып жіберемін", - деді Чимаев. 

Айта кетейік, Чимаев пен Диас арасындағы айқас UFC 279 турнирінің басты жекпе-жегі болады. Бұл турнир 10 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport