Хабибтің інісінің келесі қарсыласы белгілі болды

©ufc.com

Хабиб Нурмагомедовтің немерелес інісі Абубакар Нурмагомедовтің UFC ұйымындағы келесі қарсыласы белгілі болды. 

32 жастағы Нурмагомедов келесі кездесуін 16 шілде күні Нью-Йорк қаласында UFC Fight Night турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы 31 жастағы америкалық Филип Роу болады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді. 

Абубакар Нурмагомедов 2021 жылдың наурызынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Соңғы айқасында ол америкалық Джаред Гуденді төрешілер шешімі бойынша жеңді. 

Ал Абубакар UFC ұйымына ауысарға дейін PFL және WSOF ұйымдарында жекпе-жек өткізген. Жалпы ол аралас жекпе-жекте 16 кездесуде жеңіске жетсе, екі мәрте жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport