Хабиб Нурмагомедов карьерасындағы ең сәтті кезді атады

©Reuters

UFC ұйымында жеңіл салмақта чемпион болған ресейлік Хабиб Нурмагомедов карьерасындағы ең сәтті кезеңді атады, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

Хабибтің айтуынша, оның карьерасындағы ең сәтті кез екі салмақ бойынша UFC чемпионы Конор МакГрегорды жеңгені еді. 

"Ол кездесу осы аренада, 2018 жылдың 6 қазанында болды. ММА тарихындағы ең үлкен кездесу. Сол айқаста жеңгеніме қуаныштымын. Мен өзімнің кез-келген жекпе-жектерімнің бірінде жеңіліп қалуым мүмкін еді. Бірақ тек осы кездесуде емес" - деді Хабиб. 

Еске салайық, Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы кездесу 2018 жылы UFC 229 турнирінде болды. Ол кездесудің төртінші раундында ресейлік қарсыласын ауырту әдісімен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport