Дамир Исмағұлов UFC-дің мықты файтеріне қарсы кездесу алдында мәлімдеме жасады

29 қыркүйек 2022 17:24
©Mike Roach/Zuffa LLC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақ файтер Дамир Исмағұлов келесі кездесуіне қатысты қысқа ғана мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Исмағұлов келесі кездесуін 18 желтоқсан күні Лас-Вегаста болатын UFC турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы шыққан тегі армениялық, бірақ Ресей намысын қорғайтын Арман Царуканян болады. 

"Жұмыс істейтін уақыт", - деп жазба қалдырды Исмағұлов Instagram парашасында. 

Айта кетейік, жеңіл салмақта UFC ұйымының рейтингінде 12-сатыда тұрған Исмағұлов бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Царукян болса оныншы сатыда. Ол UFC-де жеті кездесудің бесеуінде ұтқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport