"Әжетханада жарақат алған". UFC файтері жекпе-жегіне шыға алмайтын болды

©instagram.com/cgiagos_ufc

32 жастағы америкалық Кристос Гиагос (19-10) үйін жинап жатқан кезде алған жарақытына байланысты Францияда өтетін UFC Fight Night турниріне қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ол франциялық Бенуа Сент-Денимен (9-1) кездесуі керек болатын. 

"Мен үй жинастырып жатқанмын. Дәретхана жинап жатқан кезде тайып кеттім. Сөйтіп, саусағымды тіліп алдым. Өкінішке қарай, осы жарақатыма байланысты Париждегі жекпе-жектен бас тартуға тура келді. Жарақатым ауыр болмайды деп үміттенген ем. 

Бүгін дәрігерге бардым. Операция жасатуға тура келді. Енді басты мақсатым - тезірек жаттығуға кірісу", - деді файтер. 

Айта кетейік, Гиагос осыған дейінгі екі кездесуінде жеңіліп қалған. Соңғы айқасын ол 25 маусым күні Лас-Вегаста UFC on ESPN турнирінде өткізіп, Тиаго Мойзестен (16-6) сабмишнмен ұтылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: