Агапова айқасатын UFC турнирінің басты жекпе-жегінде кімдердің кездесетіні анықталды

12 қаңтар 2022 14:29
©UFC

Жартылай орта салмақтағы америкалық Хорхе Масвидаль мен Колби Ковингтон 5 наурыз күні Лас-Вегас қаласындағы "T-Mobile" спорт кешенінде өтетін UFC 272 турнирінің басты жекпе-жегінде кездеседі. Бұл туралы allboxing.ru порталы MMA Fighting сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Негізі бұған дейін аталған жекпе-жек кешінде жартылай орта салмақтағы Александр Волкановси мен Макс Холлоуэй арасындағы екінші кездесу өтуі керек еді. Бірақ Холлоуэйдің жарақат алып қалуына байланысты кездесу кейінге шегерілді. 

Бар өшін алады. UFC-дегі қазақстандық бұрымды өзіне жала жапқан файтермен жұдырықтасады

Одан бөлек, жекпе-жек кешінде жеңіл салмақта UFC чемпионы Алджамейн Стерлинг пен уақытша чемпионы Петр Ян кездеседі деген ақпарат шыққан. Алайда бұл кездесу сәуір айында өтетін болды. 

Еске салайық, Масвидаль соңғы кездесуін өткен жылдың сәуір айында өткізіп, қазіргі чемпионы Камару Усманнан ұтылып қалды. Ковингтон да соңғы айқасын Усманға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілді. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өтетін UFC 272 турнирінде қазақстандық Мария Агапова (10-2) да өнер көрсетеді. Оның қарсыласы украиналық Марина Мороз (10-3) болады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: