auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" "Спортингке" қарсы бірінші ойында ұтылып қалды

"Астана" "Спортингке" қарсы бірінші ойында ұтылып қалды
Фото Тұрар Қазанғапов
Футболдан Еуропа лигасының 1/16 финалындағы "Спортингке" қарсы бірінші ойында "Астана" қарсыластарына есе жіберді. "Астана Аренада" өткен ойында қонақтар 3:1 есебімен басымдығын танытып кетті.

Станимир Стойлов шәкірттері бірінші таймда лиссабондық клубты ұтып-ақ шықты. 7 минутта Игорь Шитовтың тамаша пасынан кейін Марин Томасов есеп ашты.

Ойынның бірінші таймы аяқталар тұста "Спортинг" сапынан Сейду Думбия, "Астанадан" Марин Аничич гол соққан. Екі сәтте де футболшылардың соққан голы есепке алынбады. Қапталдағы төреші ойыннан тыс қалғанын көрсетті.

Екінші тайм "Астана" ойыншылары үшін сәтсіз болды. Бар-жоғы 7 минут ішінде өз қақпаларына үш гол соқтырып алды. Алдымен 48 минутта Бруно Фернандеш пенальтиден таразы басын теңестірді. Бұл тұста Юрий Логвиненко қолмен ойнағаны үшін сары қағаз алды. Араға 2 минут сала Желсон Мартинш португалдық ұжымды есепте алға шығарды. Ал 56 минутта Сейду Думбия өз командасының ойындағы үшінші голын соқты.

62 минутта Юрий Логвиненко екінші сары қағазын алып, "Астананы" 10 ойыншымен қалдырды. Ойын есебі сақталып, "Спортинг" алғашқы ойында жеңіске жетті. Қарымта кездесу бір аптадан кейін Лиссабонда өтеді.



Айта кетейік, "Астана" биыл алғаш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама