auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" Чемпиондар лигасының екінші ойынында "Спартакпен" тең түсті

"Астана" Чемпиондар лигасының екінші ойынында "Спартакпен" тең түсті
© Тұрар Қазанғапов
Футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойынында "Астана" Латвияның "Спартак" командасымен тең түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Есеп 1:1. Ойынның 59 минутында Патрик Твумаси есеп ашты. Араға 13 минут сала (ойынның 72 минутында) Эдгар Варданян есепті теңестіріп кетті.

Бірінші таймда "Астана" ойыншылары басымдылыққа ие болды. Алаң иелері қарсыластар қақпасына 13 соққы жасады, ал латвиялықтар - бес рет. "Астаналықтар" допты қақпаға дәл тигізді, ал "Спартак" небәрі бір рет.

Үшінші айналымда "Астана" "Легия" (Польша) - "Мариехамн" (Финляндия) жеңімпазымен кездесетін болады. Бірінші ойында поляктар қарсыластарын 3:0 есебімен жеңген болатын.










Еске слаайық, футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында "Астана" Латвияның "Спартак" командасын 1:0 есебімен жеңді. Юрмалада өткен кездесуде жеңіс голын Патрик Твумаси соқты.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алға ұмтылған "Астана" алаң иелері қақпасына жиі шабуылдаумен болды. "Спартак" ойыншылары Александр Мокин қорғаған қақпаға қауіп төндіре қойған жоқ. Дегенмен бірінші 45 минутта есеп ашылмады.

Айта кетейік, "Астана" Чемпиондар лигасына үшінші жыл қатарынан қатысып отыр. 2015/2016 жылғы маусымда кәрі құрлықтың басты додасы саналатын жарыстың топтық кезеңінде ойнады. Өткен жылы үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетіп, Шотландияның "Селтик" командасына жол беріп алған-ды. Дегенмен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған еді. Елордалық команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған тұңғыш қазақстандық команда. Биыл да топтық кезеңге шығуды мақсат тұтып отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама