Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстандық клубтардың Еуропа лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Биыл бұл турнирге "Қайрат", "Ордабасы" және "Ертіс" қатысады.


Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, қазақстандық командалардың қарсыластары белгілі болды.

Алматының "Қайрат" футбол клубы Еуропа лигасының бірінші кезеңінде Литваның "Атлантас" командасымен кездесетін болды. Командалар арасындағы бірінші ойын 28 маусым күні Алматыда, 6 шілде күні Клапейд қаласында өтеді.

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубына Боснияның "Широки Бриег" командасы қарсылас атанды. Бірінші ойын – Шымкентте, қарымта кездесу 6 шілде күні Боснияда өтеді. "Широки Бриег" командасы қазақстандық жанкүйерлер үшін таңсық емес.

2013 жылы Еуропа лигасында Павлодардың "Ертіс" командасына қарсылас атанған."Ертіс" өз алаңында 3:2 есебімен ұтып, қарымта кездесуде 2:0 есебімен жол беріп алған болатын. Биылғы маусымда "Ертіске" Болгарияның "Дунав" командасы қарсылас болды. "Ертіс" те бірінші ойынды өз алаңында өткізеді. 

Айта кетейік, осыған дейін Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астанаға" Латвияның "Спартак Юрмала" командасы қарсылас атанған еді.

  Пікір: 0
  0