Тоқаев Елена Рыбакинаны Ақордада қабылдады

©Aqorda

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев пен әлемнің 7-ракеткасы, ал Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакина кездесті. Олар кездесу барысында бір-біріне сыйлық жасады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина Президентке Wimbledon 2022 атты кітап сыйға тартқан. Сондай-ақ, ол "Қасым-Жомарт Тоқаевқа Елена Рыбакинадан естелік", - деп қол қойып берген.

"Лена құр қол келмеген. Wimbledon чемпионы Президентке осындай кітап сыйлады", - делінген БОРТ N1 хабарламасында.

Елена Рыбакина баспасөз мәслихаты барысында кездесу қалай өткенін айтты.

"Кездесу жақсы өтті, әрине, қобалжыдым. Бәрі қалыпты өтті және болашақ жоспарларымды бөлістім, алдағы матчтер туралы айттық. Мені де өткен жетістіктеріммен құттықтады", - деді ол.

Қазақстанның 1-ракеткасы журналистердің сұрақтарына жауап беріп, қандай сыйлық алғанын айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға нақышталған сағат пен орамал сыйлаған. 

"Өрнегі бар сағат және орамал", - деп жауап берді спортшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport