Рыбакина "Ролан Гарростың" алғашқы айналымында 16 жастағы теннисшіні ұтты

©Ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен ойнады.

Матч 1 сағат 21 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Енді Елена Рыбакина турнирдің екінші раундында тағы бір чехиялық теннисші Линдой Носковамен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport