Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) жаңарған рейтингін жариялады. АТР 500 турнирінде тарихи жеңіске қол жеткізген қазақстандық Александр Бублик нәтижесін айтарлықтай жақсартты.
Жаңарған рейтингте Александр 22 саты жоғарылап, 26-орынға табан тіреген. Қазіргі таңда үздік 100 теннисші қатарындағы жалғыз қазақстандық.
Испандық теннисші Карлос Алькарас рейтинг көшін қайта бастады. Ол "Үлкен дулыға" турнирінде 23-рет жеңіске жеткен Новак Джоковичті екінші орынға сырғытты. Үздік үштікті ресейлік Даниил Медведев түйіндеп тұр.