Әлемнің 21-ракеткасын ұтқан Бублик Германиядағы турнирдің ширек финалына өтті

©Global Look Press

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Халледе (Германия) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші айналымына сәтті ойнады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық 6:3, 6:7 (4:7), 6:3 есебімен әлемнің 21-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруффты ұтты.

Теннисшілердің ойыны 2 сағат 16 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 23 рет эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Александр Бублик енді жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, италиялық 21 жастағы теннисші Янник Синнермен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: