auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Өтемұратов қай қалаларда теннис орталықтары салынатынын айтты

Өтемұратов қай қалаларда теннис орталықтары салынатынын айтты
Бүгін ҚР Теннис федерациясының қорытынды есептік конференциясы барысында федерация президенті Болат Өтемұратов еліміздің қай қалаларында жаңа корттар салынатынын айтты.

«Тенниспен айналысу үшін инфрақұрылым салу бойынша өзімізге алған міндеттемені орындадық және 2017 жылы еліміздің барлық өңірлеріндегі корттар санын 184-ке жеткіздік. 2018 жылдың басында Петропавл қаласында бірінші теннис орталығы ашылды, осылайша біз бүкіл Қазақстанды қамтитын боламыз», - деді ол.

Оның айтуынша, елімізде теннис орталықтарын салудың екінші кезегі басталады. Ағымдағы жылы Шымкенттегі жұмыс істеп тұрған теннис орталығында екі жабық корт, жаттығу залы мен қонақ үй пайдалануға беріледі. Осылайша, бұл орталық халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі.

«Келесі жылы Алматыда «Эйс» жаңа теннис орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жеке инвестиция есебінен, Теннис федерациясының толықтай қаржыландырумен салынып жатыр. Сонымен қатар Ақтөбеде де тағы бір теннис орталығы салынуда. Астанада да 14 корты бар теннис орталығы салынатын болады. Мұнан бөлек, Қарағанды, Ақтау, Тараз қалаларында құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Қызылордада жабық корттар санын арттырамыз», - деді Болат Өтемұратов.

ҚР Теннис федерациясы президентінің айтуынша, еліміздің шағын қалаларында да теннис орталықтарын ашу көзделуде. Қазіргі уақытта Лсаковск пен Рудный қалалаларында салынатын теннис орталықтарының жоба қабылданған.

«Талдықорған мен Қостанайда да жаңа теннис орталықтарын мүмкіндігінше салу қажет. Ал Өскеменде жұмыс істеп тұрған орталық базасында корттар санын арттыру қажет болады», - деді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама