Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Юлия Путинцева Цинциннатиде өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымынан сүрінбей өтті

Юлия Путинцева Цинциннатиде өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымынан сүрінбей өтті


Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA Western & Southern Open турнирінің бірінші айналымынан өтті.

Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз арнайы шақырту, яғни, wild card алып келген голландиялық Вероника Сепеде-Ройгпен кездескен болатын. 2 сағат 7 минутқа жалғасқан кездесуде қазақстандық теннисші 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетіп, екінші кезеңге шықты.

Енді екінші айналымда 22 жастағы Путинцева ресейлік Светлана Кузнецовамен кездеседі. Өз кезегінде турнирдің сегізінші ракеткасы ретінде қатысып отырған ресейлік теннисші бірінші айналымға қатыспай, автоматты түрде екінші айналымға өтіп отыр.

Айта кетейік, WTA Western & Southern Open турнирі бүгін басталып, 20 тамыз күні мәресіне жетеді. Доданың жалпы жүлде қоры 2 миллион 536 мың 154 долларды құрайды екен.
  Пікір: 0
  0