Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Зарина Дияс турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады

Зарина Дияс турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Цинцинаттиде (АҚШ) өтіп жатқан халықаралық турнирде польшалық Магда Линеттен жеңіліп қалды.

Іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында әлемнің 109-ракеткасы саналатын Зарина Дияс өзінен әлдеқайда тәжірбиелі Моно Бартельді (49) екі сеттің қорытындысы бойынша 7:5 6:2 есебімен жеңген. Алайда іріктеу кезеңінің финалдық матчында польшалық Магда Линеттен 4:6 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Зарина Дияс жалпы жүлде қоры 500 мың долларды құрайтын Cincinnati Masters турнирінің негізгі кезеңінен тыс қалды.

Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» санатына жататын «Уимблдон» жарысынан кейін Қытайға барып, өзінің жеке бапкерімен хард төсеніштегі жарыстарға дайындық жүргізді. Зарина тамыз айының соңында өтетін тағы бір «Үлкен дулыға» турниріне қатысып көрмек.

Еске салайық, биыл ең соңғы «Үлкен дулыға» жарысы АҚШ жерінде өтеді. Жалпы, жүлде қоры 50 миллионнан асатын US Open жарысына әлемнің үздік деген теннисшілері қатысады. Аталмыш жарыста Зарина Дияс та бақ сынап көрмек.
  Пікір: 0
  0